Оралда прокуратураның араласуымен 700 қызметкерге 54 млн. теңге жалақы төленді
14:25, 18 Қазан 2016
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Орал қаласы прокуратурасы еңбек заңнамасының сақталуына мониторинг жүргізген кезде «Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» АҚ-ның 700 қызметкерге биылғы тамыз айы үшін 54 млн. теңге жалақы берешегі бар екендігін анықтады.
БҚО прокуратурасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, заңбұзушылықты жою туралы ұйғарым берілгеннен кейін еңбекақы қарызы толықтай өтелген. Сөйтіп 700 азаматтың конституциялық құқығы қорғалды.
Прокуратура органдары бұл маңызды мәселені алдағы уақытта да назарда ұстайтын болады.