Оралда сәбиін далаға тастап кеткен әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалды
14:47, 09 Шілде 2016
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда сәбиін далаға тастап кеткен 1989 жылғы Е. деген әйелдің үстінен ҚР ҚК 140-бабы 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды.
БҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 6 шілде күні сағат 04.10 шамасында Омега ауданындағы көпірдің астынан 6-7 айлық нәрестенің балалар арбасына салынған күйінде табылғаны жөнінде 1994 жылғы азаматтан хабар түскен.
Қазіргі кезде бала үйінде, жағдайы жақсы.