Оралда сәбиін зират маңына тастап кеткен «көкек» ана іздестірілуде

ОРАЛ. ҚазАқпарат  -  Оралда жаңа туған сәбиін өлімге қиған «көкек» ана іздестірілуде, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

БҚО ІІД баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 5 наурыз күні сағат 18.35 шамасында Деркөл ауылында қалалық зират маңында жамылғыға оралған жаңа туған нәрестенің денесі табылған болатын.

Аталған дерек бойында ішкі істер органдары сәбидің анасын анықтау бағытында жедел іздестіру жұмыстарын жүргізуде.

ҚР ҚК 100-бабына (жаңа туған сәбиді анасының өлтіруі) сәйкес тергеу амалдары жүргізілуде.

Еске сала кетейік, Оралдағы зират маңынан нәрестенің денесі табылғаны жөнінде бұдан бұрын жазылған болатын.