Оралда садақ атудан Қазақстан чемпионаты басталды

АСТАНА. KAZINFORM – Оралда садақ атудан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтіп жатыр.

Фото: ҚР ҰОК

Жарысқа еліміздің түрлі өңірлерінен 250-ден астам спортшы, оның ішінде Қазақстан ұлттық құрамасының мүшелері қатысып жатыр.

Чемпионаттың жүлделері ересектер, жастар және жасөспірімдер арасында сарапқа салынады. Ең үздік мергендер халықаралық жарыстарда ел намысын қорғауға мүмкіндік алады.

ҚР ҰОК мәліметінше, республикалық жарыс «Жастар» стадионында өтіп жатыр және 1 тамызда аяқталады.

Айта кетейік, «Болашақ ойындары 2026» халықаралық турниріне әлемнің жетекші спорт және киберспорт клубтары қатысады. 

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев мәлім етті.

– Турнирге Team Spirit, T1, Team Falcons, Xtreme Gaming, Vici Gaming, Boca Juniors, Valencia Basket, LGD.Pinghu, Twisted Minds, Bigetron by Vitality және әлемдік спорт пен киберспорт сахнасында кеңінен танылған өзге де командалар қатысады. Біз үшін Қазақстан өкілдерінің өнер көрсетуі де ерекше маңызды. Еліміздің намысын 11 команда мен жекелеген спортшылар қорғайды, – деді вице-министр.