Оралда «Сағым» атты жаңа катер жасалуда
23:14, 09 Сәуір 2012
ОРАЛ. 9 сәуір. ҚазАқпарат - Қырық жылдық тарихы бар «Гидроприбор» ғылыми-зерттеу институты» АҚ «Сағым» атты жаңа катер құрылысына кірісті.
Кәсіпорынның бас директоры Александр Гнеломедовтың айтуынша, жаңа катердің басты ерекшелігі - оның жылдамдығында. Өйткені ол сағатына 115-116 шақырым жылдамдықпен жүзеді. Кеме еліміздің су айдындарындағы шекарасын күзетуге арналған. Қазір оны жасау жұмыстарына 18 адам жұмылған. Жаңа катер алдағы жазда сынақтан өтеді деп күтілуде. Мұндай су көлігі елімізде бірінші рет жасалғалы отыр.
Сонымен қатар «Гидроприбор» ұжымы жаңа технологияларды трансферттеу арқылы с асты жұмыстарын жүргізу үшін робот-техникалық құралдарды жасауға да ден қойған. Ондай техникалық жабдық төтенше жағдайлар саласы қызметіндегілерге қажет.