Оралда самбодан Қазақстан чемпионаты басталды
17:39, 15 Наурыз 2013
ОРАЛ. 15 наурыз. ҚазАқпарат - Орал қаласындағы жабық мұз айдыны сарайында 15 наурыз күні самбодан ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан чемпионаты басталды.
Облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, аталмыш жарысқа еліміздің Солтүстік Қазақстан облысынан басқа өңірлерінен 15 команда құрамында 250-дей балуан қатысуда. Олар тоғыз салмақ дәрежесінде күш сынасады. Бұлардың арасында самбодан әлемнің төрт мәрте чемпионы, батысқазақстандық Ерболат Байбатыров, әскери самбодан өткен жылғы әлем біріншілігінің жеңімпазы, астаналық Алмас Сүлейменов сынды саңлақтар бар.
Чемпионат екі күнге созылмақ.