ОРАЛ. 5 сәуір. ҚазАқпарат - Орал қаласында самбодан ерлер және әйелдер арасында Қазақстан чемпионаты мәреге жетті.
Салмақ дәрежелері бойынша ерлерден Медет Оңдағанов (52 келі, БҚО), Асхат Шайхиев (57 келі, БҚО), Азамат Мұқанов (62 келі, БҚО), Арман Сәрсенбин (68 келі, Қарағанды), Асылбек Әлкей (74 келі, БҚО), Саят Шамшиев (82 келі, БҚО), Бақытжан Қаныбеков (90 келі, ОҚО), Сабыржан Әбілдаұлы (100 келі, ОҚО), Айбек Нұғыманов (100 келіден жоғары, ШҚО) чемпион атанды.
Әйелдер арасында Бибігүл Баймұратова (48 келі, Атырау), Гауһар Тұрмаханова (52 келі, ОҚО), Раушан Алпысбаева (56 келі, ШҚО), Севера Нышанбаева (60 келі, ОҚО), Ильмира Ысқақова (64 келі, Ақтөбе), Дилбар Өмірәлиева (68 келі, Қарағанды), Қалжан Тайжанова (72 келі, Ақтөбе), Әсел Қазиева (80 келі, БҚО), Юлия Оразбаева (80 келіден жоғары, Алматы облысы) жеңіс тұғырына көтерілді.
Жүлдегерлер арасында да мықты балуандар аз емес.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).