ОРАЛ. 1 желтоқсан. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Оралда өнім өндірушілердің «Сапалы өнім-2011» көрмесі өткізілді.
Осымен бесінші рет ұйымдастырылып отырған көрмеге қатысушылар саны биыл әлдеқайда көбейді. Көрмеде нан, кондитер өнімдері, сондай-ақ минералдық су, шұжық және қалбыр, астық өнімдері де аз болған жоқ. Көрмеге бірінші рет қатысқан кәсіпорындар да болды. Сондай-ақ шетелдік компаниялар өз тауарларын ұсынды. Айталық, «Вален» түрік компаниясы өз тәттілерін көрмеге әкелді.
Көрме жеңімпаздары қатарында «Желаев наны», «Караван Трейд» ЖШС, «Валсен» ЖШС, «Профиль» ЖШС, «Эпсилон» ЖШС сынды кәсіпорындар болды. Көрмені ұйымдастырушылардың айтуынша, өнімі сапалы кәсіпорындар Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау облыстарымен де байланысқа шығып, сондай-ақ болашағы бар жобаларын жүзеге асыра алады.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).