ОРАЛ. ҚазАқпарат - Орал қаласында «Мирлан» орталық базары маңында сауна отқа оранды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
БҚО Төтенше жағдайлар департаментінен мәлім еткендей, бүгін сағат 11.23-те Ж.Молдағалиев көшесі 29-мекен жайында, «Мирлан» орталық базары маңында орналасқан бір қабатты «Нирвана» саунасының өртенгені жөнінде хабар түскен.
Ғимараттың төбесі, ішкі ара қабырғалары жанған. Өрт 35 шаршы метр аумақты шарпыды.
«Тілсіз жауды ауыздықтауға жеке құрамның 22 адамы мен 4 техника жұмылдырылды. Жалын 13.05-те сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ», - делінген ТЖД ақпаратында.
Қазіргі кезде өрттің шығу себептері, келтірілген шығын мен кінәлілер анықталу үстінде.
Фото: drakaronline.com
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).