ОРАЛ. ҚазАқпарат - Бүгін түскі сағат 13.09-да БҚО ТЖ департаментіне 2-саяжай аумағындағы «Урожайный», «Мелиоратор», «Колос» және «Арматурщик» саяжай қоғамдарында құрғақ шөптің жанып жатқаны жөнінде хабар түскен.
Департаменттің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, «Урожайныйда» бұталар мен құрғақ шөп жанып, екі саяжай үйі өртеніп кеткен. Қазіргі кезде қалған үшеуінде осындай жану жалғасуда. «Өрт сөндіру және апаттық-құтқару қызметінен» 34 адам мен 7 техника және департаменттің жеке құрамынан 18 адам өрт сөндіруге қатысуда.
Саяжай тұрғындарын көшіру үшін 15 адам мен екі техника тартылған.
Айта кетейік, бүгін Оралда жел күшті болып тұр.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).