ОРАЛ. ҚазАқпарат – Орал қаласында сайлау күні автобустар тегін жүреді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Орал қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, 10 қаңтар күні қаладағы барлық бағыттар бойынша қоғамдық көліктерде жол жүру тегін болады.
Қала әкімдігі қоғамдық көліктерде маскалық режимді сақтау керектігін еске салды.
Сондай-ақ Қаратөбе ауданы орталығы Қаратөбе ауылында ауа райының қолайсыздығына байланысты ертең екі бағытта тегін автобус маршруты ұйымдастырылады.
Ауыл әкімі Абат Зейнуллиннің сөзіне қарағанда, өз учаскелері бойынша хабарласқан қарт адамдарға еріктілер арқылы автокөлік жіберіледі.
Еске сала кетейік, елордада 10 қаңтарда автобустар жолаушыларды тегін тасымалдайды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).