Оралда сегіз елдің бадминтон шеберлері шын мықтыны анықтайды
11:17, 23 Қараша 2018
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оралда бадминтоннан ересектер арасындағы АПАКС халықаралық турнирі өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, жарыстың жүлде қоры - 10 мың АҚШ доллары.
Жарысқа сегіз елден спортшылар қатысуда. Атап айтар болсақ, Қазақстаннан - 30, Өзбекстан мен Ресейден - 18, Австралия, Үндістан және Бахрейннен бір-бір өкіл бар.
Турнирде жеңімпаз атанған спортшы Халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағына ие болады.
Оралдағы жарысқа жалпы есебі 32 төреші қазылық етуде. Оның ішінде төрт төреші Азия бадминтон қауымдастығының өкілдері.