ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда сексен жастағы зейнеткер пышақ жарақатынан көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қайғылы оқиға бүгін түсте жеке үйлердің бірінде орын алды.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, 1938 жылғы ер адам өз үйінде ішінен пышақ жарақатын алған. Жедел жәрдемді зайыбы шақыртқан. Марқұм жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болып кеткен.
Көршілерінің сөзіне қарағанда, қатерлі ісікке шалдыққан қария өзіне-өзі қол жұмсаған.
Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).