ОРАЛ. ҚазАқпарат - Астана күніне орай шағын футболдан Орал гарнизоны әскери прокурорының кубогы үшін дәстүрлі турнир мәреге жетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, олимпиадалық жүйе бойынша өткен жарысқа барлығы сегіз команда қатысып, бақ сынады.
Орал гарнизоны әскери прокуроры, әділет полковнигі Алтынбай Раевтың айтуынша, аталмыш турнир әскери қызметкерлер арасында салауатты өмір салтын орнықтыру мақсатында жыл сайын Астана күніне орай ұйымдастырылып келеді. Әсіресе, жастар спортты серік етсе, ұтылмайтыны анық.
Тартысты өткен турнир қорытындысында ҚР ҰҚК шекара қызметі 2029-әскери бөлімінің командасы жеңімпаз атанды. Орал гарнизоны әскери прокуратурасы екінші, ҚР Ұлттық ұланы 5517-әскери бөлімі арнайы бөлініс жасағы командасы үшінші орынға ие болды.
Барлық жеңімпаз-жүлдегерлер кубок, дипломдармен, ескерткіш медальдармен, ал үздік ойыншылар грамота, бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).