АСТАНА. ҚазАқпарат – Орал қаласында шахматтан ҚР кубогының төртінші кезеңі – ORAL OPEN халықаралық турнирі мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жарыстың бас төрешісі Валерий Миннің мәлім еткеніндей, тартысты өткен дода қорытындысында жеңімпаз-жүлдегерлер анықталды.
Турнирдегі рейтинг көшін бастаған америкалық гроссмейстер Ханс Моке Ниманн өзінің шеберлігі жоғары екендігін дәлелдей білді.
Ол 7,5 ұпай жинап, чемпиондық тұғырға көтерілді.
Сондай-ақ 6,5 ұпайдан жинаған шахматшылар қатарынан үндістандық Сетураман Панаяппан Сетураман және армениялық Мануэль Петросян қосымша көрсеткіштер бойынша үздік үштікке ілікті.
Қазақстандықтардан Ернұр Амангелді 19-орыннан көрінді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын шахматтан ORAL OPEN халықаралық турнирі басталғанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).