Оралда Шәмші әндерін орындаудан арнайы концерт ұйымдастырылды
13:23, 27 Мамыр 2009
ОРАЛ. Мамырдың 27-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Оралдағы А.Островский атындағы облыстық орыс драма театрында композитор Шәмші Қалдаяқовтың әндеріне арналған «Ән-дария» атты концерт қойылды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оралдағы Жастар шығармашылығы орталығы ұйымдастырған шарада облыстық, республикалық ән байқауларының лауреаттары Жаңылсын Хасанова, Альберт Ғазизжанов, Асланбек Қуанәлиев сияқты әншілермен қатар апалы-сіңлілі Зоя, Наталья Маркиналар да өнер көрсетті.
Аталмыш орталық директоры Сырым Аманғалиевтің айтуынша, мұндай кештер алдағы уақытта да ұйымдастырылатын болады.