ОРАЛ. KAZINFORM - Орал қаласында теріс дін атын жамылған бопсалаушы қолға түсті.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ҚР ҰҚК БҚО бойынша департаментімен өзара іс-қимыл жасай отырып, діни ағымдардың бірінің жақтаушысын ұстады.
«Күдікті Оралда шетел азаматынан тұрақты түрде ақша бопсалап келген. 200 мың теңге алу үстінде қолға түскен ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі кезде тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады ведомстводан.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда алаяқтық деректері неліктен азаймай отырғанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).