Оралда Спорт күніне арналған волейболдан жарыс мәреге жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оралға қарасты Деркөл кентіндегі «Орал» дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде Спорт күніне арналған ардагерлер арасында волейболдан жарыс мәреге жетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Жарыстың бас төрешісі Есбол Тұрсынбаевтың айтуынша, «Орал» спорт клубының ашық турниріне барлығы сегіз команда қатысып, жасы қырықтан асқан ойыншылар алаңға шықты.

Турнир қорытындысында «Теннис корты» командасы жеңімпаз атанды. «Теректі» командасы екінші, «Орал» клубы үшінші орынға ие болды. Сонымен қатар үздік ойыншылар да марапатталды. Мысалы, Андрей Киселев («Теннис корты») үздік ойыншы атанса, Болат Бадашев («Теректі») «Үздік байланыстырушы» аталымын еншіледі.

Жеңімпаз-жүлдегерлерге кубоктар, дипломдар табыс етілді.

Жарыс алдағы уақытта дәстүрлі түрде өтіп тұрмақ.