ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда студент дене шынықтыру сабағы үстінде қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО білім басқармасынан мәлім еткендей, оқиға 9 қыркүйек күні Орал политехникалық колледжінде болған.
«Үшінші курс студенті Уәлихан Әміржанов дене шынықтыру сабағы уақытында кенеттен құлаған. Сол арада оқытушы мен медбике тарапынан алғашқы көмек жасалды. Жедел жәрдем дәрігерлері де кәсіби көмек көрсеткенімен, студентті аман алып қалу мүмкін болмады», деп хабарлады ведомстводан.
Білім басқармасы студенттің жазатайым дүниеден өтуіне орай ата-анасы, туған-туыстарына қайғыларына ортақтасып, көңіл білдірді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда пойыздың жасөспірім қызды қағып кеткенін жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).