деп хабарлады «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ баспасөз қызметінен.
Іс-шараға Батыс Қазақстан облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Болат Ақшолақов, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ вице-президенті Асхат Акчурин, Мәжіліс депутаттары Қабиболла Жақыпов, Шафхат Өтемісов, Елена Тарасенко және Сенат депутаттары Мәжит Ахметов пен Ерболат Мұқай қатысты.
«Табиғи апат салдарынан Орал қаласы мен облыс тұрғындары айтарлықтай зардап шекті. Осындай қиын сәтте көптеген компаниялар мен кәсіпорындардың, мемлекеттік ұйымдардың ұжымдары бір кісідей жұмылып, көмек көрсетті. Зардап шегіп, үйлерінен айырылған аймақ тұрғындарына «ҚазМұнайГаз» компаниялар тобы да қаржылай қолдау көрсетіп, өз үлесін қосты», - деді «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Болат Ақшолақов өз сөзінде.
Жойқын су тасқыны салдарын жою үшін «ҚазМұнайГаз» компаниялар тобы 3,9 млрд. теңге аударды. Бұдан басқа компания қызметкерлері өз еріктерімен 30 млн. теңгеден астам қаражат жіберді.
Батыс Қазақстан облысы әкімдігімен жасалған Меморандумға сәйкес, ҚМГ ҰК демеушілік қаржысына Орал қаласының 5-ші шағын ауданында 90 пәтерлі 3 үй, Батыс Қазақстан облысының Зеленов ауданында 106 тұрғын үй, Тасқала ауданында 72 тұрғын үй салынды.
Б.Ақшолақов қалалық және облыстық әкімдіктің, құрылыс ұйымдарының қызметкерлеріне олардың еңбектері үшін алғыс айтты. Ол аса маңызды әлеуметтік нысандардың осындай қысқа мерзімде салынып бітуі және қалпына келтіру жұмыстарының аяқталуы жұмылып істеген істің нәтижесі екендігін баса айтты.