ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда мас күйінде суға батып кетпек болған әйел құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО ТЖдепартаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға бүгінКоминтерн кенті тұсында Жайық өзенінде орын алды.
Сағат 13.57-де жедел құтқару жасағының үш қызметкері бір жүзу құралымен1987 жылғы әйелді аман алып қалды.
Масәйел суға кетіп, суицид жасамақшы болған.
Алғашқыпсихологиялық көмек көрсетілгеннен кейін азаматша полиция қызметкерлерінетапсырылды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).