ОРАЛ. 9 мамыр. ҚазАқпарат - Орал қалалық көрме залында жергілікті суретші Юрий Андреевтің көрмесі өтуде.
Көрмеге қылқалам шеберінің 104 жұмысы қойылды. Олардың ішінде Орал өңірі табиғатына қатысты туындылар да бар.
"Мен өзімнің жұмыстарым арқылы адамдарға туған өлкенің сұлулығын жеткізіп, байлығын сақтап, Жайық өзені мен орман-тоғайларының экологиясын таза ұстауға шақырамын. Өйткені қазіргі таңда қоршаған табиғатты қорғау жайы төмен деңгейде", - дейді суретші.
Көрмені тамашалаған көпшілік белгілі суретшінің жұмыстарына жоғары баға берді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).