Оралда тағы бір есірткі сатушы ұсталды

None
ОРАЛ. 10 желтоқсан. ҚазАқпарат - 8 желтоқсан күні Орал қалалық ішкі істер басқармасы есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері 1978 жылғы есірткі сатушыны ұстады.

Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, аталмыш азамат 20 қарашада 0,34 грамм, екі күннен кейін 0,8 грамм героин өткізген. Қолға түсірген кезде одан 0,48 грамм, пәтерін тінткенде 0,16 грамм героин табылды.

Бұдан бұрын, 5 желтоқсан күні оралдық полицейлер марихуана сатуды кәсіп қылған 23 жасар азаматты тұтқындаған болатын.