ОРАЛ. ҚазАқпарат - Бүгін сағат 12.21 шамасында Құрманғазы көшесі, 13 мекенжайындағы жеке тұрғын үй өртенді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
БҚО ТЖ департаменті өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға орнына №2 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері мен техникасы жедел жеткен. Өрттің көрші үйлерге таралу қаупі төнгендіктен, №3 өрт сөндіру бөлімінен қосымша күш келген. Сағат 13.05-те өрттің беті қайтып, 14.38-де толықтай сөндірілген.
Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. 100 шаршы метрді қамтыған өрттен үйдің төбесі, жиһаз бен жеке заттар бүлінген.
Өрт сөндіруге 5 техника, 16 адам жұмылдырылды.
Қазіргі кезде өрттің шығу себептері, келтірілген шығын мен кінәлі адамдар анықталуда.
Еске сала кетейік, 3 қазан күні Оралда тұрғын үйде екі бірдей өрт оқиғасы тіркелген болатын.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).