ОРАЛ. ҚазАқпарат - Облыстық клиникалық аурухананың дәрігер-травматологы Ғалымжан Рамазанов өзіне-өзі қол жұмсады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 10 қыркүйек күні болған.
36 жасар дәрігер сағат 21.30-да өз үйінде асылып қалған.
Әріптестері оны талантты да білікті дәрігер екендігін айтуда.
Қазіргі кезде осы оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Танымал дәрігердің мезгілсіз көз жұмуына байланысты Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов өзінің Фейсбуктегі парақшасында "Өкінішті, иманды болсын",- жазды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).