ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда көңіл көтермекші болған 27 жастағы тұрғынды біреулер ұрып-соғып, тонап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, жігіт көңіл көтеру орындарының бірінде танысқан қызды үйіне шақырады.
Іле-шала қызбен таныс екі ер адам келеді. Мүмкіндікті құр жібермеген қыз есікті ашады.
Күдіктілер жәбірленушіге дене жарақаттарын келтіріп, оның 1 млн теңге тұратын ноутбук, телефоны мен алтын бұйымдарын жымқырып кетеді.
Қыздың аты-жөнін ғана білген полиция қызметкерлері қылмысқа қатысы бар адамдардың бәрін анықтады. Олар Атырау облысының тұрғындары болып шықты.
Атырауға дереу жол тартқан полицейлер үш күдіктіні жалға алған пәтерінде жасырынып отырған жерінен қолға түсірді.
Қазіргі кезде осы оқиға бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).