ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда қала көшесінде тапаншамен жүрген ер адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің жетекшісі, подполковник Ерболат Сұлтановтың мәлім еткеніндей, 5517-әскери бөлімінің құрамында қатардағы жауынгерлер Санжар Тоқтоев (топ басшысы, Әлмұхамед Қабатаев және Геннадий Черняевский бар жасағы Н.Назарбаев даңғылы бойында күдік туғызған еуропалық нәсілдес тұрғынды байқады.
Күдікті тәртіп сақшыларын көріп, сытылып кетуге тырысқанымен, қолға түсті.
Куәгерлердің қатысуымен қараған кезде ер адамның калтасынан пневматикалық тапанша табылды. Одан әрі тергеу үшін ол полиция бөліміне жеткізілді.
Қырағылығы мен кәсіби іс-қимылдары үшін аталған жауынгерлер 5517-әскери бөлім командирі тарапынан марапатталды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).