Оралда Тараздан келген алаяқтар ұсталды

Фото: None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда Тараздан келген алаяқтар ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орал қаласы полициябасқармасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, олардың бірнешеадамды алдап кеткені жөнінде тұрғындардан 19 шілде күні арыз түскен.

Келесікүні жалдамалы пәтерден 36 жасар ер адам, 35 жасар әйел және 23 жасар қыз қолғатүсті. Үшеуі де – сығандар.

Оларпәтер аралап, бал сатып алуды ұсынған. Сосын негізінен жасы ұлғайған,жалғызілікті және сенгіш адамдарды байқап, бал ашып, дуа қайтаратынын айтқан.Олардың барлық алтын бұйымдарын газетке орап салып, тек ұзақ уақыттан кейінашуды өтінген. Ораманы ашқан кезде алтын бұйымдар жоқ болған.

Мысалы,Зачаган кентінде 1978 жылғы азаматшаның алтын бұйымдарын сыпырып алып, оған1,255 млн теңге залал келтірген.

Алданғандарсаны бұдан көп болуы да мүмкін.

Әйелдердіңбірі дәл осындай қылмысы үшін бұдан бұрын да істі болғаны анықталды.

Күдіктілерденайғақ заттар тәркіленді. Алтын бұйымдар иесіне қайтарылады.

Қазіргікезде ҚР ҚК 188-бабы (ұрлық) және 190-бабы (алаяқтық) бойынша қылмыстық істерқозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар