«Татар халқының ұлы ақыны Ғабдолла Тоқайдың өмірі мен шығармашылығындағы Орал» тақырыбындағы конференцияның ашылу салтанатында TWESCO басшысы Дархан Қыдырәлінің арнайы құттықтау сөзін Академия ғалым-хатшысы Амантай Шәріп оқып берді.
Ертең қорытындыланатын ғылыми жиында Қазақстан мен Ресейден келген ғалымдар мен зиялы қауым өкілдері баяндамалар жасап, пайымды пікірлерін ортаға салуда.
Айта кету керек, 130 жылдық мерейтойы биыл кеңінен тойланып жүрген көрнекті татар ақынының тұлға ретінде қалыптасуында Орал қаласының маңызы зор. Татарстаннан 9 жасында туыстарын паналап келген Тоқай 21 жасына дейін Орал қаласында өмір сүреді. Осы кезең аралығында ол бүкіл түркі халқына ақын, ағартушы ретінде танылып үлгерген еді.