қалалық мәслихат депутаттары, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, жастар қатысты.
Алдымен жиналғандарға еліміздің тәуелсіздік дәуіріндегі жүріп өткен жолы туралы баяндайтын «Ғасырға бергісіз 20 жыл» атты бейнефильм көрсетілді. Содан кейін «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы қоғамдық-саяси жұмыстар бөлімінің меңгерушісі Гауһар Шайхиниязова Тәуелсіздік мерекесінің мән-маңызына тоқталды. Отырыстың құрметті қонақтары: облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мырзағали Мұхамбетов пен Орал қалалық мәслихатының депутаты Мақсот Берген «Нұр Отан» партиясының мүшелігіне алынған жеті жасқа партия билеттерін салтанатты жағдайда табыс етті. Олардың ішінде Орал педколледжінің оқытушысы Мейрамгүл Қалекенова, №44 орта мектептің кітапханашысы Фарида Азбантаева, «Әлім» ЖШС-ның инженер-технологы Мөлдір Төлеуова және басқалары бар. Еңбек ардагерлері М.Мұхамбетов, М.Ықсанов атындағы қордың төрағасы Асқар Атаев, Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясының аға оқытушысы Азамат Кенжеғалиев, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің аға оқытушысы Қайсар Ташай және басқалары ұлт азаттығы және тәуелсіздік жөніндегі ой-пікірлерімен бөлісті.