Оралда «Тәуелсіздік және ұлттық рух» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді

None
ОРАЛ. 5 желтоқсан. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Ж.Молдағалиев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында 5 желтоқсан күні «Тәуелсіздік және ұлттық рух» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді.

Кітапхана директоры Роза Исатаеваның хабарлағанындай, келушілер алдымен «Тәуелсіз елдің рухани мұралары» атты кітап көрмесімен танысты. Содан кейін ақын, Қазақстан Жазушылар одағы облыстық бөлімшесінің төрайымы Ақұштап Бақтыгереева, облыстық мәдениет басқармасының бастығы Айдар Батырханов, ішкі саясат басқармасы бастығының орынбасары Мұратқали Төрегелдиев, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің профессоры, философия ғылымдарының докторы Тілекжан Рысқалиев және басқалары әр саладағы тәуелсіздік жетістіктеріне тоқталды. Әсіресе, ұлттық рухты сақтап, ұлттық мәдениет пен тәрбиеге ерекше мән беру қажеттігін айтты.