Телефонын қуаттандырып отырған жасөспірім оны қолына ұстап ұйықтап кеткен. Ер баланың алақанын электр тоғы соққан. Тоқ жүрек тұсындағы көкірек қуысынан шыққан.
Балалар көп бейінді ауруханасының дәрігер-комбустиологі Гүлнәр Еляева мұндай жағдай қалада алғаш рет орын алғанын хабарлады.
«Ер бала ауруханаға алақаны қатты күйіп 17 наурызда түскен. Күйік 2-3%-ды құрады. Бүгінде оның жағдайы қалыпты. Ауруханадан шықты», - деді дәрігер.
Дәрігер қуат көзіне қосылған телефонды жанына қойып жатуға болмайтынын ескертеді.