ОРАЛ. ҚазАқпарат - Бүгін Оралда теплоходта өрт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен алынған мәліметке қарағанда, Чапаев затонындағы «Кеме жөндеу зауыты» ЖШС ауданында «SELENGA» теплоходының буксир-итергіш бөлігі жанып жатқаны жөнінде сағат 09.30-да хабар түскен.
Барлығы 70 шаршы метрді қамтыған өрттің сағат 09.57-де беті қайтып, 10.37-де толықтай сөндірілген. Зардап шеккендер жоқ.
Алдын ала мәлімет бойынша, дәнекерлеу жұмыстары кезінде өрт қауіпсіздігі ережесін сақтамаудан шыққан.
Оқиға орнына департаменттен 11 қызметкер 3 техникамен, сондай-ақ кезекші жедел тергеу тобының 4 қызметкері 1 техникамен барды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).