ОРАЛ. ҚазАқпарат - БҚО прокуратурасының арнайы прокурорлар басқармасы Орал қалалық ішкі істер басқармасы тергеу бөлімінің тергеушісіне қатысты ҚР ҚК 307-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғады.
Облыс прокуратурасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, тергеуші өз өндірісіндегі қылмыстық іс бойынша мемлекет пайдасына тәркілеуге жатқызылған айыпталушының жылжымайтын мүлігін заңсыз иелік етуді ұйымдастырған. Соның салдарынан сот үкімінің мүлікті тәркілеу мен оны мемлекет меншігіне өткізуге қатысты бөлігін орындау мүмкін болмаған.
Қылмыстық іс облыс прокуратурасының бақылауына алынып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).