Оралда «Тіл мен тілші» байқауының қорытындылары шығарылды
Облыстық тілдерді дамыту басқармасы мен «Құдатғу білік ғылыми-зерттеу орталығы» қоғамдық бірлестігі мемлекеттік тілдің мәртебесін үстем етіп, отаншылдық пен елдік рухты көтеру мақсатында журналистер арасында биыл тұңғыш рет ұйымдастырған сайысқа елуге тарта мақала түскен.
Қазылар алқасының төрайымы, ақын Дариға Мұштанованың айтуынша, соның ішінен жиырмадан астамы іріктеліп алынды. Қазылар алқасы аты-жөні көрсетілмеген, жасырын конвертпен келген мақалаларды оқып, сараптап, үздіктерді анықтады.
Орал қалалық «Жайық үні» ЖШС бас директоры, жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Мира Шүйіншәлиева жеңімпаз атанса, облыстық прокуратура қызметкері Элеонора Өтеғалиева мен БҚО сотының баспасөз хатшысы, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Амангелді Шахин екінші-үшінші орынды бөлісті. Басқа да қатысушыларға алғысхаттар табыс етілді.
Аталмыш байқау енді жыл сайын ұйымдастырылатын болады.