ОРАЛ. 18 мамыр. ҚазАқпарат - 14-18 мамыр күндері Батыс Қазақстан облыстық ауруханасында ресейлік дәрігерлердің көмегімен тізе буындарының ауруы бойынша 10 ота жасалды.
Бұл туралы «Тізе буындарын эндопротездеу» тақырыбында өткен баспасөз брифингінде дәрігер-травматолог Серік Қарекенов мәлімдеді.
С.Қарекеновтің айтуынша, мұндай ем-дом шаралары өңірде екі жыл бұрын қолға алынған. Статистикалық мәліметке қарағанда, 2010 жылдан бері 45 эндропротездеу шарасы жүзеге асқан. Бұл ота түрі өте күрделі әрі психологиялық жағынан дайындалуды қажет етеді. Көрші Ресейде аталған операциялық емдеу 1978 жылдан жүргізіліп келеді. Батыс Қазақстан облысындағы тізе буындарын емдеу ісіне Ресейдің Краснодар облыстық ауруханасының дәрігері, профессор Олег Сабодашевский арнайы келіп, өз тәжірибесін жергілікті мамандармен бөлісуде.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).