ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда төбелескен полиция қызметкерлері жұмыстан қуылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі бұдан бұрын хабарлағандай, Оралда полиция қызметкері автокөлікте отырған әріптесіне пышақпен шабуыл жасаған болатын.
Әлеуметтік желіде таралған бейнежазбаны тексеру барысында төбелескендердің екеуі полиция қызметкерлері екені анықталды. Жанжал олардың бір-біріне өшігуі салдарынан туындаған.
«Аталған оқиға бойынша өзіндік қауіпсіздіқ басқармасы қызметтік тексеру жүргізді. Оның нәтижесі департаменттің тәртіптік комиссиясында қаралды. Тәртіп сақшысының атына кір келтіргені үшін аталған қызметкерлердің екеуін де жұмысынан босату туралы шешім қабылданды», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.
Қазіргі уақытта осы қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары жалғасуда.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).