ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда Басқақ тоғайы аумағындағы өрт 70 гектарды қамтыды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Фото: пресс-служба ДЧС ЗКО
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, соның ішінде 55 гектары құрғақ шөп болса, 15 гектары – орман екпелері.
«Жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан ТЖМ бөлімшелері және «Орман және жануарлар дүниесін қорғау» мемлекеттік мекемесінің бірлескен жедел іс-қимылдары нәтижесінде өрт 20 сәуір күні сағат 20.36-да оқшауланды. Елді мекендерге қауіп жоқ, қазіргі уақытта жекелеген жану ошақтарына су төгу жұмыстары жүргізілуде. Жергілікті атқарушы органдар өрт сөндірушілерге ыстық тамақ ұйымдастырды. «Тілсіз жауды» ауыздықтауға барлығы 158 адам, 34 техника жұмылдырылды. БҚО ТЖД дағдарыс орталығында жедел штаб жұмыс жасап жатыр», деп хабарлады ведомстводан.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Орал қаласында құрғақ шөптің өртенуіне байланысты жедел штаб құрылғанын жазған болатынбыз.
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).