Оралда тоғыз қабатты үйден өрт шығып, 53 адам эвакуацияланды
22:23, 29 Сәуір 2024
ОРАЛ. KAZINFORM – Орал қаласында 9 қабатты үйде өрт шығып, 50-ден астам адам эвакуацияланды.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға 29 сәуір күні сағат 08.05-те Зачаган кентінде М.Мөңкеұлы көшесі 85/2 мекенжайында болды.
«Орал қаласында көппәтерлі тұрғын үйдің 7-қабатындағы пәтерлердің біреуінде аумағы 18 шаршы метрді қамтыған өрт болды. Жатын бөлмеде жеке заттар мен жиһаз отқа оранды. Дереу оқиға орнына келген өрт сөндірушілер 53 адамды, соның ішінде 18 баланы эвакуациялады. «Тілсіз жау» сағат 08.33-те оқшауланып, 08.49-да ауыздықталды. Оған жеке құрамнан 35 адам, 13 техника жұмылдырылды. Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі кезде оқиғаның себеп-салдары анықталу үстінде» деп хабарлады ведомстводан.