ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда тоғыз айлық қыз эскалатордан құлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 13 наурыз күні «Жеңіс» шағынауданы 3-үйде орналасқан «Азия Молл» сауда ойын-сауық орталығында болды.
Эскалаторда бірінші және екінші қабаттың арасында кетіп бара жатқан кезде 1987 жылғы анасының қолынан кішкентай қыз құлап кеткен.
Шамамен сағат 14.23-те 9 айлық қыз қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді.
Аталған дерек Орал қаласы полиция басқармасында тіркеліп, тексеріс жүргізілуде.
БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі нақтылағанындай, қыздың жағдайы өте ауыр. Қазір жансақтау бөлімінде.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).