Оралда тоғыз қабатты тұрғын үйде өрт болды

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда тоғыз қабатты тұрғын үйде өрт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, оқиға 5 қараша күні сағат 21.21-де Захаров көшесі 79-мекенжайында болды.

Аталмыш үйдің екінші қабатындағы пәтерде жеке заттар жанды.

Аумағы 20 шаршы метрді қамтыған өрт сағат 21.42-де оқшауланып, 21.54-те сөндірілді.

ТЖ департаментінің күшімен жүрегі ұстап қалған ер адам эвакуацияланып, жедел жәрдемге тапсырылды. 35 адам далаға өздері шыққан, олардың бесеуі – балалар.

Аталмыш үйдің 15 тұрғыны үшін арнайы автокөлікте жылыту пункті ұйымдастырылды.

Қазіргі кезде өрттің шығу себебі, келтірілген шығын, кінәлі адамдар анықталу үстінде.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да жол апатынан автокөлік ішінде екі адамның жанып кеткенін жазған болатынбыз.