Оралда тоғызқұмалақтан БҚО біріншілігі мәреге жетті

None
ОРАЛ. 10 сәуір. ҚазАқпарат - Орал қаласындағы №2 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде тоғызқұмалақтан ерлер мен әйелдер арасында облыс біріншілігі мәреге жетті.

Облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, жарысқа облыс аудандары мен Орал қаласынан тоғызқұмалақшылар қатысып, шеберлік байқасты. Ерлерден жекелей сында оралдықтар озды, Алпамыс Оразмұханбет чемпион атанса, Жарасқан Сағымбаев пен Бауыржан Ахметқалиев екінші-үшінші орынды бөлісті. Әйелдерден сырымдық Жайнагүл Қаяпбергенованың мерейі үстем болса, оралдықтар Ақшолпан Айғалиева мен Ализа Ерниязова жүлдегер атанды. Ардагерлер арасында 40-60 жас аралығында қазталовтық Айтжан Жұмағазиев, бөрлілік Айтбай Тастайбеков, сырымдық Қанапия Қаяпбергенов жүлдеге іліксе, 60-тан жоғарылардан теректілік Жасұлан Құрманов пен жалпақталдық Қайрат Мұратов көзге түсті. Тоғызқұмалақтың рапид түрі бойынша да жеңімпаз-жүлдегерлер белгілі болды.