Оралда тоғызқұмалақтан жастар арасында ҚР біріншілігі мәреге жетті
08:17, 12 Қараша 2009
ОРАЛ. Қарашаның 12-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрында тоғызқұмалақтан жастар арасында ҚР біріншілігі мәреге жетті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жарыс қорытындысына сәйкес 16 жасарлар арасынан Ақшолпан Айғалиева ( БҚО ), Берік Сәрсенбаев ( Ақтөбе ), 18 жастағылардан Айнұр Байзекенова ( БҚО ), Сайлан Матылов ( БҚО ), 20 жасарлардан Роза Райымбекова ( Павлодар ), Медет Хұсайынов ( Ақтөбе ) жеңіс тұғырына көтерілді. Сондай-ақ блицтен де ( шапшаң ойын ) жеңімпаз-жүлдегерлер белгілі болды.
Астаналық Айнұр Достанова - ару қыз, батысқазақстандық Ғиззат Сағынбаев жігіт сұлтаны атанды.