ОРАЛ. ҚазАқпарат - Бүгін М.Шолохов көшесі бойындағы «Золотая теща» базары маңында қайғылы оқиға орын алды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз хатшысы Нұргүл Мұқанованың айтуынша, «КамАЗ» автокөлігінің 1962 жылғы жүргізушісі кузовтағы топырақты аударған кезде жоғары вольтты сымға тиіп, содан токқа соғылып, көз жұмған. Бұл жөнінде өрт сөндірушілерге хабар сағат 11.42-де түскен. Автокөліктің дөңгелектері жанған. Ол 13.05-те сөндірілген. Бұған 5 адам, 1 техника қатыстырылған.
Қазіргі кезде осы оқиғаға байланысты тергеу амалдары жүргізілуде.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).