ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда төрт автокөлік түйісіп, адамдар жарақаттанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бүгін таңертең 2-база ауданындағы көпірде «Рено», «Ауди», «Мицубиси» және «Фольксваген» автокөліктері соқтығысты. Салдарынан үш адам зардап шекті. Жол бойында көлік кептелісі туындады.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, жедел жәрдемге шақырту сағат 08.36-да түскен. 6 минуттан кейін бригада оқиға орнына жеткен.
1985 жылғы ер адам, 1984 және 1987 жылғы әйел адамдар облыстық клиникалық ауруханаға жеткізілді. Алдын ала мәліметке қарағанда, олардың үшеуі де жабық бас-ми жарақатын алған.
Оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).