ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда төрт жасар қыз бала төртінші қабат терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға бүгін сағат 18.04-те Алматы көшесі 109/1-мекенжайында орналасқан 5 қабатты үйде болды.
Ата-анасының қарауынсыз қалып, төртінші қабаттан құлаған 2017 жылғы қыз ауруханаға жатқызылды. Жағдайы орташа ауыр.
Алдын ала мәліметке қарағанда, жабық бас-ми жарақатын алып, миы шайқалған. Мұрны сынып, ішінен де жарақат алған.
Осымен өңірде жыл басынан бері алты бала терезеден құлап, біреуі көз жұмды.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының нақтылауынша, жедел жәрдем сағат 18.04-те шақыртылып, бригада бес минуттан кейін жетті. О қиғаның жай-жапсары анықталу үстінде.
Қазіргі кезде облыстық көпбейінді балалар ауруханасының травматология бөлімшесінде жатқан қыздың жағдайы тұрақты.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда жеті жасар баланың үшінші қабаттан құлап кеткенін жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).