ОРАЛ. ҚазАқпарат – Орал қаласында төрт жасөспірім 13 жасар қызды зорлаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 12 маусымға қараған түні болды.
«Шамамен сағат 01.00-де 2006 және 2007 жылы туған төрт жасөспірім Орал қаласында жалға алған пәтерде 13 жасар қызды зорлаған. Аталған жасөспірімдер бұрын қылмыс жасағандары үшін есепте тұрған. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 120-бабы 4-бөлігіне (зорлау) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Басқа ақпарат ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды», деп хабарлады ведомстводан.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда 37 жастағы әйелдің алты күннен бері іздестіріліп жатқанын жазған болатынбыз. Әйел аман-есен табылды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).