ОРАЛ. KAZINFORM — Орал қаласында адам өліміне соқтырған жол-көлік оқиғасы болды.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, 8 қыркүйек күні сағат 01.30-да Зачаган кентінде 19 жастағы жүргізуші Күлтегін көшесінде «ВАЗ-2114» автокөлігінің руліне ие бола алмай, бағанға соғылған. Содан кейін автокөлік аударылған.
- Жол апаты салдарынан автокөлікте отырған 21 жастағы жігіт алған жарақаттары салдарынан ауруханаға жеткізу кезінде көз жұмды. Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі кезде ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. БҚО полиция департаменті жүргізушілерге жол қозғалысы ережесін қатаң сақтау керектігін еске салады, - деп хабарлады ведомстводан.
Бұл – Оралда осы ай басталғаннан бергі жас адамның өлімімен аяқталған екінші жол-көлік оқиғасы.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда полицейден қашқан тұрғынның жол апатын жасап, жүргізушіні мерт қылғанын жазған едік.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).