ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда түн ішінде автокөлік өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға «Астана» шағын ауданы 5/1 мекенжайындағы үйдің ауласында орын алды.
2010 жылғы «Тойота Камри» автокөлігінің өртенгені жөнінде 6 желтоқсан күні сағат 23.15-те хабар түскен. Автокөліктің мотор бөлігі мен ішінара салоны жанды.
Оқиға орнына 1 техникамен 5 адам барған. Өрт сағат 23.48-де оқшауланып, сағат 23.57-де сөндірілді.
Өрттің шығу себебі, кінәлі адам, келтірілген шығын анықталуда. Әлеуметтік желіде осы оқиғаның видеосы тарады. Онда үстіне ақ киім киген адамның автокөлікке от қойып, қашып кеткені анық көрінеді.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі болған оқиғаны растады. Аталмыш дерек бойынша ҚР ҚК 202-бабы 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, қасақана от қойған тұрғынды анықтау және ұстау жұмыстары жүргізілуде.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).