Оралда тұрғын үй отқа оранды
11:54, 01 Қазан 2019
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда тұрғын үй отқа оранды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға кеше сағат 05.35-те Л.Толстой көшесі 143-мекенжайында орын алды.
Салынып жатқан көппәтерлік үй аумағында орналасқан жеке тұрғын үйдің төбесі, жеке заттар мен мүліктер жанған. Өрт аумағы 40 шаршы метрді қамтыды.
«Тілсіз жауды» ауыздықтауға 9 адам, 3 техника жұмылдырылды.
Өрт 06.17-де оқшауланып, 06.49-да сөндірілді.
Зардап шеккендер жоқ.
Қазіргі кезде өрттің шығу себебі, кінәлі адамдар, келтірілген шығын анықталу үстінде.